Биыл вегетация кезеңі басталғалы «Қазсушар» РМК-ның «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы Қарағанды облысындағы 10,8 мың га-дан астам, Павлодар облысындағы шамамен 17,8 мың га егістік алқапты суармалы сумен қамтамасыз етті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазіргі уақытта Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілген су көлемі 13,0 млн текше метрден, ал Қарағанды облысында 5,6 млн текше метрден асты.
«Биыл филиал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен су беру бойынша 40 келісімшарт жасасты. Павлодар және Қарағанды облыстарында ең көп өсірілетін дақылдарға жаздық дәнді дақылдар, майлы дақылдар, картоп, жүгері, көкөністер және көпжылдық шөптер жатады»,– деді «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалының директоры Оңдасын Жиенқұлов.