Жеке сот орындаушылары институтын дамыту

924
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенат депутаты Евгений Больгерт Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында сот орындаушыларының жұмысын тиімді ету жолдары талқыланды. Атап айтқанда, бұл - цифрландыру, кәсіби біліктілікті арттыру және жауапкершілікті күшейту арқылы жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар, осы саланы реттейтін заңнаманы жетілдіру, мамандарды даярлау мен іріктеу мәселелеріне де ерекше назар аударылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Евгений Больгерттің айтуынша, жеке сот орындаушылары жүйесі әділдікті қамтамасыз етуде және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады. Оның пікірінше, қазіргі таңда сот орындаушыларына қойылатын кәсіби талаптарды арттырып қана қоймай, олардың жұмысына қоғамның сенімін күшейту де аса маңызды.

«Жеке сот орындаушыларының жүйесі ашық, тиімді және азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс. Кәсіби стандарттарды көтеру, халықпен өзара іс-қимылды жақсарту және жауапкершілікті арттыру бағытында нақты қадамдар қажет. Тек осылай ғана біз қоғамның сенімін нығайтып, сот шешімдерінің әділ орындалуын қамтамасыз ете аламыз», - деді Евгений Больгерт.

Кездесуге Әділет министрлігінің өкілдері, оның ішінде Мәжбүрлеп орындау комитетінің басшылығы мен еліміздің түрлі өңірлерінен келген жеке сот орындаушылары да қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -