Лаңкестермен байланысы бар деп күдіктелген қазақстандық Астанаға жеткізілді

1144
Фотосурет: facebook.com / knbgovkz

2025 жылғы 10 тамызда халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысты деген күдікті Қазақстан азаматы ҰҚК қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Астана қаласына жеткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұған дейін ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған болатын.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -