Қазақстан соттары 7 азаматты терроризм қылмыстары үшін соттады

1144
Фотосурет: Gov

2025 жылдың шілдесінде ҰҚК материалдары бойынша 7 қазақстандық террористік қылмыс жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Түркістан қаласының соты шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін, жергілікті тұрғынын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол шет мемлекеттің аумағында ұсталып, серіктес арнайы қызметтердің бірімен әрекеттесе, арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған.

Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қалаларының соттары терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдары аймақтарына шығуға әрекеттенгені үшін еліміздің 5 азаматын 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -