2025 жылғы маусым, 2 тоқсан және жартыжылдық есептілік – 3 күн қалды
Салық есептілігін тапсыру мерзімінің аяқталуына 3 күн қалды! Айлық, тоқсандық және жартыжылдық салық есептілігін 2025 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей тапсыру қажет. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады – кейінге қалдырмаңыз, есептілікті бүгін тапсырыңыз.
2025 жылғы маусым айы үшін:
- 400.00 және 421.00 нысандары – акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп;
2025 жылғы 2-тоқсан үшін:
- 101.03 және 101.04 нысандары – резиденттер мен бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есептер;
- 200.00 нысаны – ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
- 300.00 нысаны – ҚҚС бойынша декларация;
- 500.00 нысаны – роялти, өндіру бонусы бойынша декларация;
- 531.00 нысаны – заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы декларация;
- 560.00 нысаны – тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларация;
- 570.00 нысаны – экспортқа салынатын ренталық салық;
- 590.00 нысаны – пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
- 710.00 нысаны – ойын бизнесіне салық;
- 860.00 нысаны – жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация;
- 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация;
- 880.00 нысаны – цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;
- 913.00 нысаны – бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша декларация.
2025 жылғы 1-жартыжылдық үшін:
- 910.00 нысаны – 1-жартыжылдыққа арналған оңайлатылған декларация;
Есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.