Ұландық бұл жетістігін Абай Құнанбайұлына арнады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Валентин Чехов 50 келілік зілтемірді жатып көтеру әдісімен 180 рет көтерді. Спортшы бұл жетістігін Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арнады.
«Ұлы Абайдың мерейтойына спорттық нәтижем арқылы үлес қосқым келеді. Бұған дейін Алматы қаласында өткен сайыста 140 келілік зілтемірді көтердім. Ендігі мақсатым – мерейтой аясында 180 келілік зілтемірді еңсеру» Валентин Чехов
Валентин Чехов 2019 жылдан бері Ұлттық ұлан қатарында қызмет атқарып келеді. Төрт жылдан бері пауэрлифтингпен айналысатын ол өткен жылдан бастап кәсіби деңгейдегі жарыстарға қатысып, «NPA Kazakhstan» федерациясы құрамында өнер көрсетуде. 72 келі салмағы бар спортшы биыл маусым айында Қонаев қаласында өткен республикалық турнирде зілтемірді сілке көтеру жарысында жеңімпаз атанды.