Жаңа Салық кодексі ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды ынталандырады

2354
Фотосурет: Максим Золотухин

Жаңа Салық кодексін іс жүзінде қолдану кәсіпкерлердің қызметіндегі тиімділікті арттыруда маңызы зор, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фотосурет: Gov

Салық есептілігі мен тексеру тәртібіндегі, сол секілді қолдау тетіктеріндегі өзгерістер жайлы хабардар болу бизнеске артық кемшіліктер мен санкциялардан сақ болуға, сондай-ақ заңнамада көзделген мүмкіндіктерді барынша пайдалануға көмектеседі. Осы мақсатта ҚР Қаржы министрлігі еліміздің барлық өңірінде ақпарат жұмысын бастап, заңдағы негізгі ережелерді түсіндіріп, кәсіпкерлердің өзекті сұрақтарына жауап беріп келеді. Мұндай жұмыс форматы салық сауаттылығын арттырып, қоғамның сенімін нығайтады және ашық, қолайлы іскер ортаны қалыптастыруға жол ашады.

Айталық, кезекті семинар Петропавл қаласында болып өтті. Солтүстік Қазақстан – аграрлық секторы жолға қойылған өңірлердің бірі, мұнда 42 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Семинарға облыстағы ЖШС, ЖК мен агроқұрылымдардың 500-ден астам өкілі, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Жаңа реформаның артықшылықтары туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов айтып берді.

Оның айтуынша, аталған кодекс агробизнеске айтарлықтай фискалды артықшылықтар береді. Олардың қатарында: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған 3% мөлшеріндегі жеңілдетілген корпоративті табыс салығының мөлшерлемесі, шағын және орта шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режімінің сақталуы. Бұған қоса қосылған құн салығы бойынша қосымша шегерім сақталып қана қоймай оның көлемі 70% 80% дейін ұлғаяды. Көлік салығына тоқталсақ, шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнайы салық режімін қолданушыларға бір пикапқа (жеңіл жүк көлігі) қосымша жеңілдік қарастырылған.

Бұл амал аграршылар үшін тұрақты әрі тиімді бизнес-ортаны қалыптастырып, салық жүктемесін азайтуға және салаға инвестиция тартуға септеседі.

Бұдан бөлек жеңілдетілген салықтық тетіктері қарастырылып отыр: бірыңғай жер салығы алынып тасталады, арнайы режімдер үшке дейін азайды, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған мобильді қосымшаларды қоса алғанда, цифрлы сервистерді енгізу азаматтарға декларацияларды тексеріп, салықтарды онлайн түрде төлеуге мүмкіндік береді. Осы арқылы бюрократия азайып, әкімшілендіру ісінің ашықтығы артады.

«Жаңа заңдағы аграршыларға арналған жеңілдіктер агроөнеркәсіпті дамытуға айтарлықтай серпін беруі мүмкін.

Фотосурет: Gov

Салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, осы саладағы жүктемені азайту мен тиісті рәсімдерді оңтайландыру өндірісті кеңейтуге, шаруашылықтарды жаңғыртуға және аграрлық секторға инвестиция тартуға жайлы жағдай жасайды» Жәнібек Нұржанов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -