Алматының «Қайрат» футбол клубы өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Үшінші іріктеу кезеңінің жауап матчында Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда словакиялық «Слованды» жеңіп, тарихи жетістікке жетті.
Братиславадағы кездесу Жоржиньоның қауіпті сәтінен басталды: оның айқын соққысы қақпа бағанына тиді. 30-минутта алаң иелері «Қайраттың» қорғаныстағы қателігін пайдаланып, Роберт Мак есепті ашты. Негізгі және қосымша уақыт «Слованның» пайдасына 1:0 есебімен аяқталды, алайда екі матч қорытындысы бойынша есеп 1:1 болды.
Еурокубок тарихында алғаш рет «Қайрат» клубының тағдыры пенальти сериясында шешілді. Қақпашы Александр Заруцкий қарсыластың соққысын қайтарып, кездесу кейіпкерлерінің бірі атанды. Жеңіс әкелген пенальтиді Жоржиньо дәл соғып, есепті 4:3 қылып алматылықтардың пайдасына тіркеді.
Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы кездесуін жалғастырып, плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі. Алғашқы матч 20 тамызда Глазгода, ал жауап ойыны 26 тамызда Алматыдағы стадионда өтеді.