Оқу-жаттығу 2025 жылғы 13-15 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқу-жаттығу штабы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан.
Оқу-жаттығуға құтқарушылар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтер, радиациялық химиялық қауіпті объектілердің өкілдері, ІІМ Ұлттық ұланының, Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінің әскери қызметшілері, ҚР Атом энергиясы агенттігінің, Ядролық физика институтының, Ұлттық ядролық орталығының өкілдері қатысуда.
Оқу-жаттығудың мақсаты – азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің радиациялық және химиялық аварияларынан туындаған төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейін арттыру.
Бүгін оқу-жаттығулардың ашылуы және облыстың ірі өнеркәсіптік объектілерінде радиациялық және химиялық авариялар нәтижесінде шартты төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-қимылдар пысықталатын бірінші кезең өтті. Мұндай объектілерде жұмыс істейтіндердің саны көп және объект персоналын, халықты және аумақты химиялық жұқтыру қаупі бар.
«Қалқан-2025» барысында алынған практикалық дағдылар авариялардың жағымсыз салдарын барынша азайтуға мүмкіндік беретін дайындық пен іс-қимыл алгоритмін жетілдіруге негіз болады.