Шетел валютасындағы салымдар 57 миллиард теңгеге кеміді. Қай банктер оң нәтижеге қол жеткізді?

836
Фотосурет: Максим Золотухин

Ұжымдық сақтандыру жүйесіне енетін ҚР ЕДБ-дағы халықтың шетел валютасындағы салымдары биылғы жылдың шілдесіне қарай 5,85 трлн теңгені құрады. Айта кетерлігі, бір ай ішінде бұл көрсеткіш бірден 57,4 млрд теңгеге қысқарды.

Халықтың салымдарын сақтандыру жүйесіне кіретін банктердің ішінде бірден 10 банк теріс нәтиже көрсетті, ал 8 ЕДБ оң көрсеткішке қол жеткізді, оның ішінде тек 3 қаржы институтында айтарлықтай өсім байқалды. Қазақстандықтардың доллар, еуро және басқа да еркін айырбасталатын валюталардағы депозиттерін қай банктерде көбірек ашқанын көрейік.

Сектордағы барлық ЕДБ ішінде айлық өсім бойынша Bank RBK абсолютті көшбасшы атанды: бұл қаржы институтындағы халықтың шетел валютасындағы салымдарының көлемі бір айда бірден 9,3 млрд теңгеге (немесе 3,7%-ға) өсіп, 260,4 млрд теңгеге жетті. Жылдық динамикада ЕДБ шетел валютасындағы бөлшек салымдар портфелін шамамен 32 млрд теңгеге ұлғайтты. Айта кетерлігі, банктегі жеке тұлғалардың салымдарының жиынтық портфелі бір айда шамамен 3%-ға өсіп, 614,3 млрд теңгеге жетті, ал халық пен бизнестің жалпы депозиттік портфелі 1,5 трлн теңгеден асты.

Тағы бір айта кетерлігі, пайыздық мөлшерлемелердің аса жоғары емес екеніне қарамастан, шетел валютасындағы депозиттер қазақстандықтар арасында әлі де сұранысқа ие қаржы құралы болып отыр, себебі теңге бағамының ауытқуы аясында қаражаттың құны сақталып қалады.

Сонымен қатар Bank RBK теңгедегі салымдар бойынша да тиімді шарттар ұсынады, бұл клиенттерге қаржылық мақсаттарына қарай — мейлі ол жоғары табыстылық болсын немесе валюталық әртараптандыру болсын — өз жинақтарын икемді басқаруға мүмкіндік береді. Банктің ең сұранысқа ие депозиттік өнімдерінің бірі — Safe жинақ салымы. Ол қаражатты тиімді орналастыруға арналған мынадай қолайлы шарттарды қамтиды — сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-дан 17,5%-ға дейін (ЖТСМ — 10%-дан 18,3%-ға дейін) және басқа да қосымша артықшылықтары бар. Атап айтқанда, клиенттер банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес премиалды дебеттік картаны оның бүкіл қолдану мерзіміне ресімдей алады (қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды).

Some Image

Шетел валютасындағы салымдардың айлық өсімі бойынша екінші орынға Freedom Bank орналасты: салымдар 6,1 млрд теңгеге артып, 414,8 млрд теңгеге дейін жетті. Үздік үштікті Еуразиялық Банк түйіндейді: салымдар 5,2 млрд теңгеге өсіп, 383,8 млрд теңгеге дейін жетті.

Сондай-ақ Нұрбанк (953 млн теңгеге), KZI Bank (915 млн теңгеге), Қытай СӨБ (380 млн теңгеге), Қазақстандағы Қытай Банкі (73 млн теңгеге) және Отбасы банк (14 млн теңгеге) өсім көрсетті.

Естеріңізге салсақ, бүгінде Қазақстанда 23 ЕДБ жұмыс істейді, олардың ішінде 19 қаржы институты депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіреді. Солардың 18-інің портфелінде шетел валютасындағы салымдар бар.

Some Image

Мәлімет үшін: биылғы жылдың шілде айына қарай ҚР ЕДБ-дағы салымдар портфелі 44,11 трлн теңгеге жетті.

Оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары 25,43 трлн теңгені құрады, ал салымдарды ұжымдық сақтандыру жүйесіне қатысатын банктердегі халық депозиті 25,36 трлн теңгеге тең болды. Бұл орайда бұл сегменттегі теңгедегі салымдар 19,51 трлн теңгеге жетсе, шетел валютасындағы салымдар, бұған дейін атап өткеніміздей, 5,85 трлн теңгеге дейін қысқарды. Сегменттегі шетел валютасындағы салымдардың үлесі 23,1%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен айдағы 23,8%-бен және былтырғы 25,4%-бен салыстырғанда төмен.

Банктер жөнінде және салымдар жайлы толығырақ мәлімет ақпараттық кестеде көрсетілген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -