Қазақстанда олимпиада чемпиондары қатысатын таеквондо турнирі басталды

1056
Фотосурет: @Turizm_jane_sport_ministrligi

Ербол Мырзабосынов Kazakhstan Open-2025 таеквондо турнирінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Додалы жарыстың ашылу салтанатына Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоу, Қазақстан таеквондо федерациясының (WT) президенті Құдірет Шамиев және Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.

«Мемлекет басшысының спорт саласындағы сындарлы саясатының арқасында елімізде дене шынықтыру мен спорт саласы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде ерекше орынға ие болып отыр. Отандық спортшылар халықаралық ареналарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Бүгінде Қазақстанда 71 мыңнан астам адам таеквондомен тұрақты түрде айналысады. Турнирді қазақ жерінде өткізуге сенім артқаны үшін Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоу мырзаға, жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ұлттық таеквондо федерациясына, сондай-ақ қолдау білдірген бүкіл спорт қауымдастығына алғысымды білдіремін» ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов

Ашылу рәсімі Қазақстандағы таеквондо қозғалысының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің туғанына 70 жыл және Қазақстан таеквондо федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналды. Осы айтулы датаға орай олардың перзенттері — Неслихан Өзтүрік пен Ерсұнқар Түлкиевке шапан тарту етілді.

Биылғы турнирге 22 елден 750-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері және әлемдік рейтинг көшбасшылары бар. Жарыс кадеттер, жасөспірімдер және ересектер санатында өтеді. Турнир 16 тамызға дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -