3517 әскери бөлімінде ерекше рухани іс-шара өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылдың бірінші лек шақырылым сарбаздары Степногорск қаласының қоғам қайраткерлермен жүздесті.
Әскери бөлім клубында ұйымдастырылған кездесуге Степногорск қалалық мәслихатының депутаты Нина Оразбаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Фарида Есжанова, ауған соғысы ардагерлері одағының жетекшісі Салихжан Гамастинов, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кайрулла Исаев және «Десанттық бауырластық» қоғамдық ұйымының төрағасы Константин Каргин қатысты.
Қонақтар сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, жастармен ашық сұхбат құрды. Өз өмірлерінен алынған тағылымды мысалдар мен ел алдындағы жауапкершілік жайлы әңгімелері сарбаздарға үлкен рух берді. Іс-шара барысында үздік қызметімен көзге түскен жауынгерлерді ардагерлер арнайы марапаттап, алдағы әскери міндеттеріне сәттілік тіледі.
Шара соңында 3517 әскери бөлімінің командирі подполковник Бақытсейіт Құланбаев келген қонақтарға алғыс білдіріп, сарбаздармен бірге естелік суретке түсуге шақырды.
Бұл кездесу — ұрпақтар сабақтастығының және азаматтық борышты терең түсінудің жарқын көрінісі болды.