Қазақстанның үш өңірінде ҮЕҰ-ға арналған оқыту тренингтері басталды

836
Фотосурет: Gov

Қостанай облысында ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған оқыту тренингтері басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бағдарлама «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр және Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды. Басты мақсат –ауылдық ҮЕҰ-дың кәсіби деңгейі мен ұйымдық әлеуетін арттыру, сондай-ақ жергілікті бастамашыл топтардың өз қауымдастығын дамытуға белсенді қатысуына ықпал ету.

Сабақтар әлеуметтік кәсіпкерлік, коммуникация және стратегиялық жоспарлау салалары бойынша жетекші мамандардың қатысуымен тәжірибе жүзінде өтуде. Оқыту барысында қатысушылар ұйымды дамыту стратегиясын әзірлеуді, медиа кеңістікте өзін танытуды, әлеуметтік жобалар дайындау мен ілгерілетуді, тұрақты байланыс орнатып, имидж қалыптастыруды, сондай-ақ ресурстар тарту мен мемлекеттік құрылымдармен және бизнес өкілдерімен өзара байланыс орнатуды меңгереді.

Биыл кемінде 70 ауылдық ҮЕҰ оқытылады деп жоспарланған. Бұл олардың институционалдық тұрақтылығын нығайтып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесін кеңейтуге жол ашады.

Оқыту бағдарламасы алдағы уақытта Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -