Жасанды интеллект өнеркәсіптің технологиялық жаңғыруына серпін береді

1023
Фотосурет: UKIMET

Роман Склярдың төрағалығымен өткен жиында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне ЖИ енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу мәселелері бойынша жиын өтті.

Оған орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, салалық бірлестіктер және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жасанды интеллектіні енгізудің ағымдағы мәртебесі, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізінде өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, өнеркәсіпте жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесі және оны одан әрі дамыту жоспарлары қаралды.

«Жасанды интеллектіні енгізу – бұл жай ғана технологияларды жаңғырту емес, бүкіл экономика үшін стратегиялық қадам. Қазақстан өз өнеркәсібінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті жеке сараптамасы мен шешімдерін қалыптастыруы тиіс» Роман Скляр

Отандық технологиялық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ озық әлемдік тәжірибемен алмасуды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Жоспарланған шараларды жүзеге асыру өндірістік үдерістердің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар технологиялық жаңғыртуға, өнімділіктің өсуіне және Қазақстанның индустриялық даму көшбасшылары қатарындағы позициясын нығайтуға тұрақты негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -