Жұмысшы мамандықтары білім беру жүйесінің маңызды бөлігі ретінде танылды

968
Фотосурет: Gov

Бірінші рет тамыз конференциясы аясында тек ұстаздар ғана емес, жұмысшы мамандықтарының өкілдері де марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін елордада «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» Республикалық тамыз кеңесі өтті. Биыл ол ерекше форматта ұйымдастырылды. Білім беру саласы қызметкерлерін дәстүрлі марапаттаумен қатар, алғаш рет жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне де құрмет көрсетілді.

Бұл жаңашылдық Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жүзеге асырылып, тек педагог еңбегінің ғана емес, сондай-ақ білім беру мен балалардың игілігіне үлес қосатын барлық мамандардың маңызын айқындауды мақсат етті.

Кеңестің екінші бөлімінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үздік білім беру қызметкерлеріне, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне және білім саласымен өзара байланыстағы ұйымдардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады. Марапат иелерінің қатарында мектептер мен балабақшалардың техникалық қызметкерлері, сондай-ақ полицейлер, медицина қызметкерлері, құрылысшылар және басқа да мамандар бар.

«Білім беру саласы – біз барлық балаларымызды тәрбиелейтін орта. Әркім еліміздің болашағын тәрбиелі, кәсіби құзыретті етуге өз үлесін қосуы тиіс. Бұл – тек педагог қауымның ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті» Министр Ғани Бейсембаев

Сонымен бірге, айрықша табысқа жеткен және басқаруда жоғары шеберлік көрсеткен білім беру ұйымдарының басшылары ведомстволық марапаттарға ие болды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталған еңбек адамдары:

  1. Бекишев Құдайберген Жақанұлы - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл бастауыш мектебінің электригі;

  2. Мырзаханова Мейрамкүл Мырзаханқызы - Алматы қаласы №56 гимназиясының кіші қызметкері;

  3. Арынбеков Қайрат Тұрғанбекұлы - Шымкент қаласы, №66 жалпы орта білім беретін мектебінің ағаш ұстасы;

  4. Рахимов Талғат Жакиянұлы - Абай облысы, Ақсуат колледжінің электригі;

  5. Жаманов Госман Әнуарұлы - Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылы мектеп-гимназиясының кіші қызметкері;

  6. Дәуітов Ерболат Алирахымұлы - Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алтынбике Бертаева атындағы орта мектебінің кіші қызметкері;

  7. Черняева Жұма Нубжанқызы - Атырау облысы Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің бас аспазы;

  8. Қоғабаев Жеңіс Зайлагиұлы - Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебінің слесарь-жөндеушісі;

  9. Ахметова Жайнакүл Нұрланбекқызы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, «Балбөбек» балабақшасының кір жуу машинасының операторы;

  10. Жақыпов Ибрахим Сәлімұлы - Қарағанды облысы, Теміртау жоғары политехникалық колледжінің слесарь-сантехнигі;

  11. Сартықпаев Еркін Тойкенұлы - Шығыс Қазақстан облысы, Қалжыр орта мектебінің кіші қызметкері;

  12. Аязбеков Мейрамбек Бердібекұлы - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №221 орта мектебінің электригі;

  13. Өмірзақова Баян Арзуқызы - Маңғыстау облысы, кіші қызметкері;

  14. Нұралинов Айдырбек Қабденұлы - Павлодар облысы, Павлодар ауданы, №2 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің электригі;

  15. Арқаев Арман Ысқақұлы - Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» слесарь-сантехнигі;

  16. Елшібаева Фариза Абдуалықызы - Түркістан облысы, №8 колледжінің кіші қызметкері;

  17. Қайырбекова Жібек Өмірбекқызы - Жезқазған қаласының №13 жалпы білім беретін мектебінің кіші қызметкері;

  18. Қошқарбаев Нұркен Шыңғожаұлы - Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы, Алғабас орта мектебінің кіші қызметкері;

  19. Қаратаева Гүлзат Қайдаулқызы - Астана қаласы № 2 мектеп-гимназиясының кіші қызметкері;

  20. Төреханова Гүлшат Бағашқызы - Ақтөбе қаласы, Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кіші қызметкері;

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталған мемлекеттік органдардың қызметкерлері:

  1. Айтқожин Арғын Нұрпейісұлы - ҚР Бас прокуратурасы Кәмелетке толмағандар туралы заңнаманы қолдану заңдылығын қадағалау тобында Бас Прокурордың көмекшісі;

  2. Шәлменов Құсайын Теміртасұлы - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Басқарма бастығы, ұлттық қауіпсіздік подполковнигі;

  3. Ембергенова Мағрипа Хамитқызы - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры;

  4. Боранова Гүлбану Оразбекқызы - ҚР Әділет министрлігі Экономика салаларының заңнама департаменті директорының орынбасары;

  5. Зұлқайыров Ренат Вазирович - ҚР Ішкі істер министрлігі Құқықтық және нормативтік үйлестіру департаментінің бастығы;

  6. Даулетьярова Наталья Ивановна - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық мәдениет және саясат департаменті директорының орынбасары;

  7. Тұрсын Іңкәр Ғибадатқызы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы;

  8. Мақсұтұлы Жандос - ҚР Туризм және спорт министрлігі Бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы;

  9. Төрегелдиев Ерлан Аблайұлы - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, азаматтық қорғау полковнигі;

  10. Көшқалиева Орынгүл Жанғалиқызы - Атырау облысының Полиция департаменті Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы;

  11. Губашева Сәуле Ғалымжанқызы - Шығыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі;

  12. Қалышев Әлішер Тілләбекұлы - Жамбыл облысының Полиция  департаменті Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы;

  13. Салықова Римма Аждарқызы - Жетісу облыстық мәслихат депутаты, қоғам қайраткері;

  14. Жағпарова Ләззат Талғатбекқызы - Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі;

  15. Атикеев Асхат Қалиболлаұлы - Павлодар облысының прокуратурасы, Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыс прокурорының аға көмекшісі;

  16. Темірбаева Жанна Хамитқызы - Солтүстік Қазақстан облысы Отбасылық үлгідегі балалар ауылының қамқоршылық кеңесінің төрағасы;

  17. Артықбаева Гүлжан Абидиллақызы - Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы;

  18. Қиянбеков Жеңіс Шәдіұлы - Ұлытау облысының қаржы басқармасының басшысы;

  19. Наимбекова Айжан Ізбасханқызы - Шымкент қаласының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі;

  20. Идышева Гаухар Слямғазықызы - Астана қаласы Полиция департаментінің Ювеналды полиция бөлімінің бастығы;

  21. Бисекенов Мақсат Айтқалиұлы - «НЦИТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық директоры.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -