Астанада трансшекаралық су қатынастары жайлы кітаптың тұсаукесері өтті

946
Фотосурет: Gov

Нариман Қыпшақбаевтың Қазақстанның су шаруашылығы тарихы туралы екі томдығы таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 90-шы отырысында комиссияның негізін қалаушы, еңбек сіңірген гидротехник және Қазақстанның бұрынғы Су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаевтың екі томдық кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың атауы – «Қазақстанның су шаруашылығы: қалыптасуы, дамуы және мәселелері». Басылым Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен жарық көрген.

Бұл еңбек – Қазақстандағы су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдалану, су тапшылығы мен трансшекаралық су қатынастары туралы заңнамалық құжаттар мен материалдардың кешенді талдауы. Ол 1917 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықты қамтиды.

Жинақта су және жер пайдаланудың алғашқы қағидаттарынан бастап, 2025 жылы қабылданған жаңа Су кодексіне дейінгі маңызды тарихи кезеңдер қамтылған. Сондай-ақ кітапқа ресми құжаттар, конференция материалдары, ғылыми мақалалар, тәжірибелік ұсыныстар мен сала мамандардың баяндамалары енгізілген.

Биыл 91 жасқа толған Нариман Қыпшақбаев бұл еңбегін 70 жыл бойы жазған. Қазіргі уақытта су саласының ардагері жас мамандарға арналған жаңа кітап жазып жатыр.

«Бұл кітапқа қажетті материалдарды мен су шаруашылығында жұмыс істей бастаған кезден, яғни 70 жыл бойы жинадым. Әуелі бұл еңбек мамандарға арналған, бірақ қазіргі заманда суды дұрыс пайдалануды әр адам білуі керек. Келесі мақсатым – су саласында жұмыс істегісі келетін жас гидротехник-инженерлерге арналған кітап шығару» Нариман Қыпшақбаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -