ШҚО-да есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен адамдар қамауға алынды

1045
Фотосурет: Gov

Биыл тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның екі азаматы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -