Тоқаев Индонезия Президентін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

682
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоны Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

 Мен Астана және Джакарта арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген сенімді ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Осы орайда, өзіңізбен бірлесіп, екі елдің достық қарым-қатынасын одан әрі дамыта түсуге бар күш-жігерімді жұмылдыруға дайын екенімді мәлімдеймін Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоның сындарлы саясаты мен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Индонезия Республикасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -