Адвокатура мен медиация жүйесін жетілдіру

1111
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенатор Евгений Больгерт Республикалық адвокаттар алқасының өкілдерімен кездесуде адвокатура институтын дамыту мәселелерін қарастырды. Жиынға қатысушылар адвокаттар қауымдастығы қызметін жетілдірудің негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктерді нығайту, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және халыққа заң көмегінің қолжетімділігін кеңейту мәселелері қозғалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенатор Сенаттың заң шығару қызметі туралы кеңінен айтып, адвокатура мен құқықтық көмек көрсету жүйесін дамыту мәселелері профильдік комитет жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол кәсіби қауымдастықпен өзара іс-қимыл тиімді заңнамалық бастамаларды әзірлеуге, тәжірибелі заңгерлер мен азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Адвокатура - құқықтық мемлекеттің маңызды элементі. Оның тәуелсіздігі мен кәсібилігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейіне тікелей әсер етеді. Біз адвокаттар өз миссиясын тиімді атқара алатын, ал азаматтар дер кезінде және білікті көмек алатын жағдай жасауымыз керек. Ол үшін заң шығарушылар мен кәсіби қауымдастық арасында тұрақты диалог қажет, сонда әр шешім қоғамның практикалық қажеттіліктерінен туындайды», - деді Евгений Больгерт.

Сонымен қатар, депутат Астана қаласындағы Медиация және татуластыру орталығына барып, орталық ұжымы, кәсіби медиаторлар және судьялар корпусымен кездесті. Кездесу барысында медиация жүйесін институционалды тұрғыдан нығайту, оны сотқа дейінгі дауларды шешуде кеңінен қолдану, сондай-ақ медиаторлар мен соттар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды. Ерекше назар медиацияны сот тәжірибесінде кеңейту және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелеріне аударылды.

Сенатор елімізде медиативтік келісімдер санының оң динамикасын атап өтіп, медиация институтын барлық өңірлерде одан әрі дамыту, медиаторлардың біліктілігін арттыру және медиация орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттігін ерекше атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -