Оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру үдерісі eGov.kz арқылы толық цифрландырылды

847
Фотосурет: Аstana akimdigi

Оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру EGov порталы арқылы қолжетімді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады. Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар.

Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады.

Қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • «Білім» → «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;
  • Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
  • Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -