Air Astana елорда әуежайының жоспарлы жөндеуіне байланысты 2025 жылғы 1 қыркүйектен 4 қыркүйекке дейін және 7 қыркүйектен 31 қазанға дейін рейстер кестесіндегі уақытша өзгерістер туралы хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өзгерістер Астанаға/Астанадан Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Өскемен, Франкфурт, Дубай, Сеул, Ыстамбұл, Анталья, Бейжің, Пхукет, Нячанг рейстеріне қатысты болады. Рейстері өзгерген жолаушылар алдын ала хабардар етілді. Түйісу рейстерін жоғалтқан жолаушыларға ұшудың балама нұсқалары ұсынылды.
Рейстің өзекті мәртебесін тәулік бойы жұмыс істейтін Брондау және ақпарат орталығында анықтауға болады: help.airastana.com, +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477, +7 7272 44 44 78 (Рейстер кешіккен кезде жедел желі), +7 702 702 00 74 (WhatsApp), Online chat: airastana.com