FlyArystan мен Almaty Marathon күзгі жүгіру маусымында ынтымақтастықты нығайтады

1287
Фотосурет: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan елдегі ең ірі жүгіру жобасы – Almaty Marathon-мен серіктестігін жалғастыруда. 28 қыркүйекте Алматыда өтетін Almaty Marathon және 26 қазанда Түркістанда өтетін Turkistan Marathon – күзгі марафондар қарсаңында әуекомпания қатысушыларға промокодтар бойынша әуебилеттеріне 30% арнайы жеңілдік туралы еске салады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Жүгіру қозғалысын қолдау – FlyArystan-ның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясындағы салауатты өмір салтын насихаттау стратегиясының бір бөлігі. Біз Almaty Marathon-мен серіктестікті жалғастырып, қатысушыларға спорттық шараларға сапарын ыңғайлы әрі тиімді етуге қуаныштымыз. Жүгіру адамдарды біріктіреді, қозғалысқа және дамуға шабыттандырады, ал біздің міндетіміз – өзге қалалардан келетін қатысушыларға стартқа жетудің қолжетімді әрі ыңғайлы жолын ұсыну» Ричард Леджер, «FlyArystan» АҚ президенті

Жеңілдік марафон өтетін қалаларға/қалалардан орындалатын әуе сапарларына науқан шарттарына сәйкес күндерде қолданылады. Ол FlyArystan-ның Қазақстан бойынша тікелей және тоғысу рейстеріне жарамды. Сапар күндері марафонға дейінгі немесе кейінгі екі күнді қамтуы тиіс.

Промокодпен билеттерді әуекомпаниясының ресми сайты арқылы сатып алуға болады. Кодты төлем алдындағы соңғы бетте автоматты түрде пайда болатын арнайы жолаққа енгізу қажет.

Жүгіруге тіркелгеннен кейін қатысушылар промокодты Almaty Marathon ұйымдастырушыларынан алады. Промокод бір реттік және тек бір әуебилетін стандартты тариф бойынша (Әуебилет тарифі әуежай және қызмет көрсету алымдарын қамтымайды) (жинақтар мен алымдар есепке алынбайды) сатып алуға қолданылады. Осыған байланысты сапарды жоспарлап, билетті бірден екі бағытқа алу ұсынылады.

FlyArystan-ның стандартты “Тиімді” тарифіне салмағы 5 кг-ға дейінгі (өлшемі 56×23×36 см) бір қол жүгі және борттағы кездейсоқ орын кіреді. Әрбір старт алдындағы кезеңде қатысушылар арасында FlyArystan әуебилеттері ойнатылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -