Жамбыл облысы әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды күшейтуде

1716
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаторлар Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев Жамбыл облысының Шу ауданына барды. Олар құрылыс жұмыстарының барысымен және бірқатар маңызды әлеуметтік әрі өндірістік нысандардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алғашқы нысан - «Fufeng» компаниясының жүгері өңдеу зауыты болды. Бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда және жаңа жұмыс орындарын ашуда стратегиялық маңызға ие. Кейін депутаттар Шу қаласының теміржол вокзалында болып, оның жаңғырту жобасымен танысты. Аталған жоба ауданның көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Халық қалаулылары ерекше назарды «Горгаз» шағын ауданындағы ауызсу жүйесіне аударды. Бұл нысан тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге және коммуналдық қызметтердің деңгейін көтеруге бағытталған. Сондай-ақ сенаторлар Жиенбет ауылында салынып жатқан 100 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты. Бұл білім ошағы ауыл балаларына қолайлы әрі заманауи жағдайда білім алуға мүмкіндік беріп, ауданның білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қоспақ.

Сапар қорытындысында депутаттар көтерілген барлық мәселе мен ұсыныс назарға алынып, тиісті деңгейде шешім қабылданатынын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -