Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда Данилина/Крунич дуэті Қытайлық Тайбэйден Хао Чин Чань мен Қытайлық Синью Яньді 7:6 (7:3), 6:4 есебімен ұтты.
Бұл трофей Данилина үшін WTA турнирлеріндегі 14-ші жұптық атақ болды. Оның жинағында:
- 1 WTA 1000 титулы,
- 2 WTA 500 титулы,
- 8 WTA 250 трофейі,
- 3 WTA 125 титулы бар.
Еске салсақ, 2023 жылы Данилина финляндиялық Харри Хелиёваарамен бірге US Open турнирінде аралас жұптық сында жеңіске жетті. Сондай-ақ ол екі «Үлкен дулыға» турнирінің финалисі: 2022 жылғы Australian Open (Беатрис Хаддад Майямен бірге) және 2025 жылғы Roland Garros (Александра Круничпен бірге).