Қазақстандағы педагогтар цифрлық сауаттылыққа және заманауи әдістемелерге үйретіледі

1177
Фотосурет: Gov

2025–2026 оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 30 980 педагогке арналған курс ұйымдастырады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бағдарламалар бастауыш сыныптан бастап, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерін қамтиды.

Сондай-ақ тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілікке қатысты курстардан өтеді.

Жыл басынан бері мұндай курстарға 39 мыңнан астам мұғалім қатысты. Олардың ішінде ауыл мектептері педагогтерінің үлесі айтарлықтай басым — 56%.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -