Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 25 тамызда келесі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды DKNews.kz:
2025 жылғы шілде айына:
- Шілдеде төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
- Шілдеде төленген табыстардан КТС, ЖТС;
- Арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС;
- Әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.
2025 жылғы тамыз айына:
- КТС бойынша аванстық төлемдер.
2025 жылғы 2-тоқсанға:
- Бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілерге КТС, ЖТС;
- ҚҚС, экспортқа ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салық, цифрлық майнинг үшін төлем;
- Заңды тұлғалардың жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер;
- Жер учаскелерін пайдалану, су ресурстарын пайдалану, қоршаған ортаға теріс әсер ету, радиожиілік спектрін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін төлемдердің ағымдағы төлемдері.
2025 жылғы 1-жартыжылдыққа:
- Оңайлатылған декларация бойынша КТС / ЖТС, әлеуметтік салық.
Өсімпұлдар есептелмеу үшін заңнамада белгіленген мерзімде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлеу қажет.
Есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.