Қазақстанда қадағалау шараларын қолдану қағидалары өзгертілді

1221
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ағымдағы жылғы 12 тамызда «Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы №272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №30 қаулыны қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаулы Қазақстанның Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық қағидаттарына сәйкестігін өзара бағалаудың екінші раундының нәтижелері бойынша алынған халықаралық сарапшы-бағалаушылардың ұсынымдарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Қаулыда терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың сақтандыру брокерлерінің жарғылық капиталдарына (акцияларына) қатысудың бақылау үлестерін иелену жағдайларын болғызбау мақсатында, Агенттіктің терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген сақтандыру брокерінің қатысушыларына, акционерлеріне қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануы көзделеді.

Қабылданғантүзетулер сақтандыру брокеріне қатысушылардың(акционерлердің)сақтандыруброкерініңжарғылықкапиталына(акцияларына) қатысуүлесін тізбегеенгізілгенжағдайдаолардыиеліктен шығару бөлігіндезаңталаптарынорындауынбақылаудықамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қаулы 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -