Несиені дұрыс рәсімдеу және артық төлемнен қалай сақтану

1254
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Қарыз алу туралы шартқа қол қою кезінде қарыз алушы шарттың барлық талаптарын қабылдап, оны орындауға жауапкершілікті өз мойнына алады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құжатпен мұқият таныспау қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төмендегідей тармақтарды мұқият тексеруді ұсынады

  1. Шарттың титулдық парағы негізгі ақпаратты қамтиды: қарыз сомасы мен мерзімі, сыйақы мөлшері, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ), өтеу әдісі, мерзімінен бұрын өтеу шарттары, айыппұлдар мен өсім пұлдардың мөлшері.
  2. Кредиттің толық құны: ай сайынғы төлемдерді, комиссияларды және сыйлықақыларды қоса алғанда, барлық төлемдермен қарыздың толық құны қанша болатынын мұқият бағалау керек.
  3. Ең қолайлы өтеу әдісін таңдаңыз: аннуитеттік (теңтөлемдер) немесе сараланған (азаятын төлемдер).
  4. Кредит беру мерзімі неғұрлым көп болса, артық төлем соғұрлым жоғары болады. Ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу шарттарын және комиссиялардың болуын нақтылаңыз.
  5. Айыппұлдар мен комиссиялар: өсімпұлдарды және мерзімін өткізіп алғаны немесе шарттың талаптарын өзгерткені үшін өзге де төлемдерді есептеу тәртібін тексеріңіз.
  6. Дербес деректер: олардың дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз және оларды өңдеу және үшінші тұлғаларға беру тәртібімен танысыңыз.
  7. Шартқа қосымшалар: төлемдер кестесі және банк қағидалары құжаттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Шартқа қол қоймас бұрын қаржы ұйымының өкіліне барлық қажетті сұрақтарды қойыңыз. Қажет болса, кеңес алу үшін маманға хабарласыңыз.

Кредит бойынша міндеттемелерді орындау кредиттік тарихқа әсер ететінін ұмытпаңыз. Уақтылы төленбеген төлемдер айып пұлдардың есептелуіне, берешектің өсуіне және болашақта жаңа қарыздарға қолжетімділіктің шектелуіне әкелуі мүмкін.

Барынша пайдалы материалдар Fingramota.kz. сайтында қолжетімді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -