«Заң және тәртіп» жобасы: мектептердегі тәрбие жұмысына жаңа көзқарастар

979
Фотосурет: Gov

«Заң және тәртіп» жобасы аясында елордада мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды радикалды идеялардан қорғау тақырыбына арналды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Семинарды Астана қаласының Дін істері басқармасы мен QAMQOR-ASTANA қоғамдық қоры ұйымдастырды. Негізгі мақсат – мектеп ортасына радикалды идеологияның енуіне жол бермеу, оқушылардың рухани иммунитетін нығайту, сондай-ақ педагогтарға жауапты әрі саналы жастар тәрбиелеуде қолдау көрсету.

Семинардың спикерлері ретінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің басқарма басшысы Сәуле Апенова, Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқали, Қазақстан дінтанушылары қауымдастығының мүшесі, дінтанушы-эксперт Александр Антипин, дінтанушы-эксперт Дастан Сақан және ҰҚК Академиясының аға оқытушысы, практик-психолог Ақмарал Абдукеева сөз сөйледі.

Жиын барысында қатысушылар интернет пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық қауіпсіздік, тәрбие процесіндегі отбасы мен мектептің рөлі, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен зайырлы қоғам қағидаттарын насихаттау мәселелерін талқылады.

Семинар соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -