FlyArystan Шарм-эш-Шейхке кіру ережелерін еске салды

1122
Фотосурет: @flyarystan_inform

FlyArystan чартерлік рейстерінің жолаушыларына, туристік пакетпен саяхаттайтындарға (яғни қонақүйді қоса қамтитын) қосымша талаптар немесе өзгерістер енгізілмейді, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Барлық сапарлар әдеттегі тәртіппен – визасыз жүзеге асырылады, Сондықтан FlyArystan жолаушылары бұрынғыдай ыңғайлы әрі алаңсыз түрде Шарм-эль-Шейхтегі демалысын жоспарлай алады.

Маңызды!

2025 жылғы 1 қазаннан бастап 21 жасқа толмаған жолаушыларға ата-анасының немесе жақын туысынсыз Шарм-эль-Шейхке баруға тыйым салынады.

  1. Егер сапарға ата-әжесі, 21 жастан асқан ағасы не әпкесімен барса, нотариалды расталған сенімхат талап етіледі.  
  2. Сенімхат орыс тілінде қабылданады.  
  3. Өзімен бірге төлқұжат пен туу туралы куәлік болуы тиіс.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -