Абай облысында миллиардтаған теңгенің контрафактілік темекісі жойылды

1034
Фотосурет: Фото: @afm_rk / бейнежазбадан кадр

«Заң және тәртіп» нарративі аясында Абай облысында жалпы құны 1,5 млрд теңгеден асатын 4,5 млн дана темекі өнімін жою бойынша ауқымды шара өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

Темекі өнімдерін жою процесі арнайы құрылған комиссияның қатысуымен өтті. Комиссия құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар қоғам қайраткерлері, экологтар және тәуелсіз бақылаушылар да кірді.

Қаржылық мониторинг агенттігі темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Жыл басынан бері:

  • темекі өнімдерінің заңсыз айналымының 39 фактісі анықталды;
  • 3,4 млн-нан астам темекі қорабы тәркіленді;
  • олардың өндірісімен айналысқан 2 жасырын цех жойылды;
  • 9 тұлғаға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.

Тәркіленген барлық контрафактілік өнім сот шешіміне сәйкес жойылуға жатады.

Егер сізге темекі өнімдерінің заңсыз сатылу фактілері белгілі болса — бей-жай қарамаңыз.

1458 нөміріне хабарласыңыз. Анонимдікке кепілдік беріледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -