ТЖМ еліміздің 20 өңірінде авиациялық жасақтар құрады

1419
Фотосурет: Gov

Астанада ҚР ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов «Эйрбас Хеликоптерс Казахстан инжиниринг» ЖШС бас директоры Себастьян Сен Шабомен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

  Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан ТЖМ жедел қызметінде қолданылатын тікұшақ техникаларын пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әсіресе ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштарын түнгі ұшуларға оқыту және оларды халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл шектеулі көріну жағдайларында құтқару операцияларының тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

  Министр жедел ден қоюға дайындықты арттыру бағдарламасы аясында еліміздің 20 өңірінде авиажасақтар құру бастамасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл жоба ТЖМ авиациясының құтқару операцияларын жүргізу, өрт сөндіру және санитарлық авиацияны қамтамасыз ету мүмкіндіктерін нығайтуға мүмкіндік береді.

  Тараптар серіктестікті кеңейтуге, инженерлік шешімдерді дамытуға және авиациялық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -