Қазақстанда жылу желілерін диагностикалауға арналған роботтандырылған кешен енгізілуде

1749
Фотосурет: Gov

Роботтандырылған құбырішілік диагностика кешені акустикалық резонанс әдісіне негізделген. Ол болат құбырлардың қалған қалыңдығын анықтауға мүмкіндік береді. Кешен мобильді зертхана, құбыр ішілік инспекциялық құрал және мәліметтерді жинау мен сақтау жүйесінен тұрады. Мәліметтерді өңдеуде жасанды интеллект технологияларын қолданып, ақауларды дәлірек анықтап, оператордың жұмысын жылдамдатады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құбырішілік диагностикалауға арналған роботтандырылған кешен ЖЭК-ті цифрлық трансформациялау картасына сәйкес, «Жанармай-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» аясында жылу желілерін басқару жүйесіне енгізілуде.

Роботтандырылған құбыр ішілік диагностика кешені келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

сканерлеу нәтижелеріне сәйкес болат құбырлардың ақауларын – ішкі және сыртқы коррозияны автоматты түрде анықтау және олардың нақты орналасқан жерін белгілеу;
пайдалану параметрлерін ескере отырып, болат құбырлардың қалған ресурсын анықтау;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында құбыр желілерін басқарудың болжау (предиктивті) моделін құру, соның нәтижесінде апаттар санын азайту;
болат құбырлар мен құбыр желілерінің нақты тозу деңгейін ескере отырып, бюджет қаражатын тиімді қайта бөлу.

Жүйе Энергетика министрлігі іске асырып жатқан EnergyTech платформасының құрылымына біріктіріледі. Бұл жүйе жылу желілерін проактивті диагностикалауға, цифрлық техникалық бақылауды енгізуге және апатты азайтуға жағдай жасайды.

Сондай-ақ, жүйені енгізу «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бұл жоба аясында Энергетика министрлігі салалық негізгі процестерді цифрландыру және жылу желілерін қайта құруды жүзеге асыруда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -