Құрлық әскерлерінің әскери институтына – 55 жыл

1309
Фотосурет: Gov

Алматы қаласында С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты 55 жылдық мерейтойын атап өтуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елу жылдан астам тарихында бұл оқу орны кәсіби офицер кадрларын даярлаудағы жетекші орталықтардың біріне айналып, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін нығайтуға сүбелі үлес қосты.

1970 жылы негізі қаланған институт алғашқы жылдардан-ақ кәсіби әскери мамандар даярлайтын білім ордасы ретінде танылды. Бүгінде бұл – заманауи әскери жоғары оқу орны. Мұнда жаңа буын офицерлері тәрбиеленуде. Олар Отанға адалдығымен, жоғары кәсіби даярлығы, әскери тәртібі және көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленеді.

55 жыл ішінде Құрлық әскерлерінің әскери институты мыңдаған офицерлерді дайындап шығарды. Олардың көпшілігі жоғары әскери шендерге қол жеткізіп, қорғаныс саласында, мемлекеттік билік құрылымдарында және халықаралық ұйымдарда жауапты қызметтер атқаруда. Түлектердің арасында үш қорғаныс министрі, белгілі әскери қолбасшылар, әскер бөлімдері мен құрамаларын басқарған командирлер бар. Олардың бәрі де Қазақстан армиясының дамуына зор үлес қосты.

Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин атап өткендей, 55 жыл – ерлік пен елге адал қызмет етудің, Отан алдындағы парызға деген беріктіктің шежіресі.

Біздің түлектеріміз Қарулы күштер қатарында абыроймен қызмет етіп жүр, ал қазіргі курсанттар аға буынның даңқты дәстүрлерін лайықты жалғастыруда. Институт әрқашан абыройдың, ар-намыстың және патриотизмнің символы болып қала береді

Институттың мерейтойы – отандық әскери білім беру саласындағы маңызды белес. Бұл – білікті кадрлар даярлау ісіндегі оқу орнының маңызын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен егемендігін нығайтудағы рөлін айшықтайтын оқиға.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -