Халықаралық стандарттарға сай: Жамбыл облысының құтқарушылары заманауи жабдыққа қол жеткізді

1221
Фотосурет: Gov

Тараздың орталық алаңында Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелеріне жаңа өрт сөндіру-құтқару техникасы мен нысанды киімдерді беру рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға ҚР ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, жергілікті органдардың өкілдері және қызметтің жеке құрамы қатысты.

ТЖД бөлімшелеріне заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, авариялық-құтқару автомобильдері, сорғы станциялары, жол талғамайтын көлік, вахталық автобус, жанармай құюшы және тіркемені сүйреуге арналған   көліктер берілді. Барлық техника жаңа байланыс және навигация жүйелерімен жабдықталған, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

 «Автопарктің жаңартылуы – бұл азаматтардың қауіпсіздігіне салынған инвестиция. Мықты материалдық-техникалық база құтқарушылардың жедел әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді», - деп министр атап өтті.

  Жеке құрамға арналған нысанды киімдерді Қазақстандық құтқарушылар қоры ұсынды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -