2025 жылғы қыркүйек айында салық есептілігін тапсыру, салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу бойынша маңызды мерзімдер белгіленген. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 250 және 270 нысандары бойынша декларацияларды тапсыруды қоса алғанда, салық міндеттемелерін уақытылы орындау қажеттігін еске салады. Төменде осы айда тапсырылуы және төленуі тиіс есептілік нысандары мен төлемдердің мерзімдері көрсетілген, деп хабарлайды DKNews.kz.
Салық есептіліктері:
15 қыркүйек:
- 250.00 нысаны – 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
- 270.00 нысаны – 2024 жылға кірістер мен мүлік туралы декларация;
- 400.00 және 421.00 нысандары – шілде айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.
22 қыркүйек:
- 328.00 нысаны – тамыз айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
Төлемдер:
22 қыркүйек:
- Тамыз айына ЕАЭО-да ҚҚC;
- Тамыз айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
25 қыркүйек:
- 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияға сәйкес жеке табыс салығы (ЖТС);
- Қыркүйек айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
- Тамыз айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
- Тамыз айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;
- Тамыз айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС;
- Радиожиілік спектрін пайдалану, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;
- Тамыз айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.