Қаржы мониторингі агенттігі аса ірі көлемде отқа төзімді сазды ұрлау фактісін тергеп жатыр

1144
Фотосурет: Gov

Қаржылық мониторинг агенттігі А.С. Нургазинді қолдауға бағытталған әлеуметтік желілердегі ақпаратты заңсыз әрекетті ақтау деп бағалайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті «ОГНЕУПОРСНАБ» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде техногендік минералдық түзілімдерді жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Бір жыл бойы компания Арқалық кен орнынан 7 мың тоннадан астам отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатқан.

Айта кету керек, техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше өндіру мен жымқыру – бұл жәй азаматтық-құқықтық дау емес, бұл — Қазақстан халқының меншігі болып табылатын табиғи ресурстарды ұрлауға, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық және экологиялық мүдделеріне зиян келтіруге әкелетін қылмыстық әрекет.

ЖШС директоры адвокаттың қатысуымен жауап алынды, оның құқықтары толық сақталған, қандай да бір мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Агенттік қоғамдық кеңістікте шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарату ресми тергеуге кедергі келтіру болып табылатынын еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -