Қазақстанда ТКШ жанынан үлескерлерді қолдау орталығы құрылды

1551
Фотосурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына, автомобиль жолдарына үлестік қатысу және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс істері және ТКШ комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қандай түзетулер енгізілгенін айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оның айтуынша, заңда үлескерлік құрылыс жағдайларын жақсарту бойынша қосымша шаралар көзделген.

Бақытжан Жүнісбеков ҚТК алаңында Үлескерлерді қолдау орталығы құрылғанын. Оның жұмысы азаматтарға тұрғын үйді қауіпсіз сатып алу туралы кеңес беруге, белгілі бір құрылыс салушылардағы ЖАО рұқсатының не бірыңғай оператордың кепілдігінің болуы туралы ақпарат беруге бағытталған.

«Мердігерде аванстық төлемді қайтарудың банктік кепілдігі болған кезде аванстық төлем лимиті 25%-дан 50%-ға дейін ұлғайтылды. Көппәтерлі тұрғын үй құрылысын ұзарту мерзімі 9 айдан 5 айға дейін қысқартылды. Сондай-ақ уәкілетті компанияға қосымша валюталық және депозиттік шот ашуға мүмкіндік беріледі», – деді спикер.

Құрылыс салушылар үшін тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысудың тартымдылығын арттыруға бағытталған нормалармен қатар саланы мемлекеттік реттеуді күшейту бойынша түзетулер қарастырылған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне Бірыңғай оператордың рұқсатынсыз немесе кепілдігінсіз қаражатты заңсыз тартқаны және жарнама үшін айыппұл 300-ден 2000 АЕК-ке дейін (7 864 000 теңгеге дейін) арттыратын түзетулер көзделген. «Жарнама туралы» ҚР Заңында ЖАО рұқсатынсыз немесе Бірыңғай оператордың кепілдігінсіз салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй жарнамасын таратуға тыйым салатын түзетулер бар. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңында ЕДБ-ге «ҚАЗРЕЕСТР» ақпараттық жүйесі арқылы сатып алынатын үлес төлемінің заңдылығын тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулер көзделген, оған қол жеткізуді «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ  қамтамасыз етеді», – деп хабарлады Бақытжан Жүнісбеков. 

«Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында ЖАО рұқсаты не Бірыңғай оператордың кепілдігі жоқ объектілер бойынша ипотека беруге тыйым салуға бағытталған түзетулер қарастырылған. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңында құжаттың аз қабатты құрылысқа және жеке тұрғын үйлер кешеніне қолданылуын қамтитын нормалар көзделген.

Сонымен қатар спикер құрылысқа үлестік қатысу шарттарының ашықтығы мен есебі үшін «ҚАЗРЕЕСТР» жүйесі жұмыс істейтінін айтты. Онда 143 компания тіркелген, есеп 1086 объект бойынша жүргізіледі, 178 мың шарт ресімделген. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk, БЦК, Еуразиялық банк, Jusan және eGov қосымшаларында салынып жатқан объектілерді тексерудің онлайн-сервисі іске қосылды. Бұл ЖАО-ның объектіге кепілдігін немесе рұқсатын тексеруге мүмкіндік береді. 2025 жылдың басынан бері бұл қызметті 530 мыңға жуық адам пайдаланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -