Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Құжаттың мақсаты – Астана қаласының студенттері мен жастарының қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірлескен шаралар қабылдау. Тараптар оқыту іс-шараларын, дәрістерді, вебинарлар мен семинарларды өткізу, сондай-ақ білім беру және ғылыми жобаларды консультативтік қолдау және іске асыру жайында уағдаласты.
Жеке қаржыны басқару, шығыстарды жоспарлау, жинақтарды үнемдеу, инвестициялау негіздері, кредиттерге жауапкершілікпен қарау және қаржылық қауіпсіздік мәселелері сияқты практикалық дағдыларды үйретуге ерекше назар аударылатын болады.
Fingramota.kz жобасы аясындағы ынтымақтастық студенттерге болашақта көмектесетін теориялық білімді де, нақты құралдарды – отбасының бюджетін сауатты құру, қаржы өнімдерін таңдау немесе алаяқтықтан қорғау сияқты құралдарды алуға мүмкіндік береді.
Агенттік еліміздің білім беру мекемелерімен әріптестік желісін жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Осыған дейін осыған ұқсас меморандумдарға Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарымен: «Нархоз» университетімен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, Almaty Management University-мен, «Тұран» университетімен, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-мен, сондай-ақ «Тұран» университетінің колледжімен және Алматы экономикалық колледжімен қол қойылды.