Thai Air Asia X Алматы мен Бангкокты тікелей рейстермен байланыстырады

1155
Фотосурет: newsroom.airasia.com

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Таиланд корольдігінің «Thai Air Asia X» лоукестері Қазақстан нарығына шығады. Тасымалдаушы Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері тікелей тұрақты жолаушылар әуе рейстерін орындайды.

Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -