Алматыда жаңа автобус бағыты сынақтан өткізіледі

1265
Фотосурет: Gov

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен және Алатау ауданындағы Теректі шағынауданы тұрғындарының қатынас қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық мобильділік басқармасы жаңа тұрақты автобус бағытын ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

№83 бағыт «№184 мектеп – №7 қалалық аурухана» бағыты бойынша бүгіннен бастап қатынайды. Бағытқа ұзындығы 9 метрлік газбен жүретін Yutong маркалы автобустар шығарылады. Күн сайын төрт автобус жолға шығып, қозғалыс аралығы шамамен 10 минут болады.

Бағыт әзірге сынақ режимінде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен тұрғындар сұранысына байланысты қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -