Көкшетау прокурорлары көппәтерлі тұрғын үйлерді жалған пайдалануға беру фактісін анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Көкшетау қаласының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бюджет қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үйлерді жалған пайдалануға беру фактісін анықтады.
2023 жылы Көкшетау қаласы Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы объектілер іс жүзінде аяқталмаған кезде қаражат аудару арқылы екі көппәтерлі тұрғын үйді (140 пәтер) пайдалануға қабылдау актісіне қол қойғаны анықталды.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 90 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Аталған факті бойынша қала прокуратурасы ҚК 189-б. 4-б. 2)-т. (лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, кінәліге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.