Қазақстанда астық жинау көлемі 6,5 млн тоннаға жетті

1133
Фотосурет: ojosujono96/freepik.com

Егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі күнге дейін 4,6 млн гектар дәнді дақылдар жиналып, бұл жалпы егіс алқабының 28,5%-ын құрады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бастырылған астық көлемі 6,5 млн тоннаны құрайды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 131 мың тонна майлы дақылдар, 778,1 мың тонна картоп (өнімділігі 238,6 ц/га), 2 млн тоннадан астам көкөніс (өнімділігі 290,3 ц/га), 2,1 млн тонна бақша дақылдарын (өнімділігі 274,7 ц/га) жинады.

Сонымен қатар 347,4 мың тонна қырыққабат (өнімділігі 370,2 ц/га), 418 мың тонна пияз (өнімділігі 396,5 ц/га), 129,3 мың тонна сәбіз (өнімділігі 311,3 ц/га) жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -