Тазабек Астанадағы футбол мерекесінің символына айналды

2068
Фотосурет: Аstana akimdigi

Тазабек тағы да астаналық жанкүйерлердің жүрегін жаулап алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

4 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойыны өтті. Бұл кездесуде Қазақстан мен Уэльс құрамалары бақ сынады.

Стадионға ұлттық құраманы қолдау үшін алғашқы минуттардан-ақ 30 мыңнан астам жанкүйер жиналып, ерекше атмосфера қалыптастырды. Солардың арасында астаналықтардың сүйікті кейіпкеріне айналған Тазабек қуыршақ та болды. Оның сахнаға шығуын көпшілік көрермендер жылы қабылдап, жанкүйерлер Тазабектің көңіл-күйді көтеріп, елорданың бір символына айналғанын атап өтті.

Стадиондағы атмосфера ерекше рухқа толы болды: жанкүйерлер Қазақстан құрамасын бар дауыспен қолдап, ойынды нағыз футбол мерекесіне айналдырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -