Астанада күзде шақырылғандардың алғашқы легін Шекара қызметіне шығарып салды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Елордада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына күзгі әскерге шақырылушылардың бірінші легін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің жинау пунктінде өтті. Оған атқарушы биліктің, Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері, ардагерлер, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскерге алынғандардың туыстары мен жақындары қатысты.
Бұл күні Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасына мерзімді әскери қызмет өткеруге елорданың 22 тұрғыны жіберілді.
Азаматтар қызмет ететін әскери бөлімнің жүз жылдан астам тарихы бар және мемлекеттік шекараның негізгі тіректерінің бірі болып саналады. Бұл бөлімдегі қызмет – үлкен абырой және жауапкершілік.
Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов әскерге шақырылушыларға арнап сөз сөйледі.
"2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны шеңберінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына 22 мыңнан астам қазақстандық, оның ішінде Астанадан 1 200-ден астам жас жіберіледі. Әскердегі қызмет – нағыз батылдық, патриотизм, тәртіп және командалық рух мектебі. Бұл шынығу ғана емес, рухты да қатайтатын, жас жігітте өз елінің игілігі үшін қызмет етуге жауапкершілік пен дайындықты қалыптастыратын жол" Ғани Артықов
Іс-шараның салтанатты атмосферасын Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің және ҰҚК Шекара қызметі әскери ансамблі солистерінің көрсеткен өнерлерімен толықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл күн болашақ Отан қорғаушылар өміріндегі жаңа әрі жауапты кезеңнің бастауы болмақ.