Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі кемелер дивизионында ерекше офицер қызмет етеді — капитан-лейтенант Мұғатдин Мамедов, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шымкент қаласының тумасы қазақ, орыс, түрік, әзербайжан және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Әскери қызметті бала кезінен армандаған ол офицерлік білімді Санкт-Петербург қаласындағы Әскери-теңіз политехникалық институтында алды. 2021 жылдан бастап Мұғатдин Мамедов Ақтауда қызмет етуде. Оның тілдік қабілеттері жеке құрамның ұлтаралық қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға да септігін тигізуде.

Офицердің айтуынша, тілдерді білу жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, қызметті тиімді етіп, халықтар арасындағы өзара түсіністікті арттырады.