2025 жылғы күзгі әскерге шақыру: болашақ сарбаздарды қандай өзгерістер күтіп тұр

1331
Фотосурет: Gov

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті.

Жиында көктемгі кезеңде Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау қорытындылары шығарылып, алдағы күзгі әскерге шақыру науқанына қойылатын міндеттер белгіленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеңеске Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, ведомствоның департаменттері мен бас басқармаларының басшылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті, Бас әскери прокуратура, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері, Мемлекеттік күзет қызметі, ҰҚК Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның өкілдері қатысты. Сонымен қатар  өңірлік шақыру және медициналық комиссиялардың төрағалары мен өзге де лауазымды тұлғалар бейнеконференция байланысы арқылы қосылды.

Басты баяндама жасаған ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Алмас Исабеков Үкіметтің әскерге шақыруды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмаларын орындаудың маңыздылығын еске салды.

Әскерге шақыру комиссияларының төрағалары – Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Исабеков пен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берді.

Кеңесті қорытындылаған Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов медициналық комиссияларды қажетті дәрігер-мамандармен толықтыру, шақыру пункттерін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерінің әлі де өзекті екенін атап өтті. Алыс аймақтарда шақыру пункттерінің Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне қосылу мәселесі толық шешілмеген.

Осыған байланысты генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов күзгі шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу бойынша негізгі міндеттерді атап өтті. Әскерге шақырылушылардың медициналық тексеру сапасын арттыру, комиссияларды тар бейінді білікті мамандармен қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен шақыруға қатысты заңнамалық рәсімдердің орындалуына ішкі істер органдары мен әскери полиция бөлімшелері жауапты.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті мен орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыруда тығыз ықпалдастықта жұмыс істеуінің маңыздылығы атап өтілді.

Жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру комиссиялары жұмысының сапасына баға келесі ведомствоаралық кеңесте берілетіні айтылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -