Қазақстандық лоукостер FlyArystan Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы бағыты бойынша ұшу бағдарламасын кеңейтетіні туралы хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылдың қазан айында рейстердің жиілігі аптасына үш ретке дейін артады. Атап айтқанда, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері ұшуға болады. Қазіргі уақытта рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан Инин (Құлжа) Қазақстанмен терең тарихи және мәдени байланыстарға ие. Ыңғайлы географиялық орналасуы мен аймақтағы елеулі қазақ диаспорасының арқасында бұл өңір екі ел арасындағы мәдени және экономикалық өзара байланыстардың маңызды орталығы болып қала береді.
Бағыт 2025 жылдың 18 мамырында іске қосылған сәттен бастап рейстер қазақстандық және қытайлық жолаушылар тарапынан тұрақты жоғары сұранысқа ие болып келеді. 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап елдер арасында визасыз режим қолданылады. 2024 жылы Қытайда Қазақстан туризмінің жылы өткен болса, 2025 жыл Қазақстанда Қытай туризмінің жылы болып жарияланды. Рейстердің жиілігін арттыру мемлекетаралық байланыстың дамуына және туристер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуына ықпал етеді.
Алматы – Инин (Құлжа) бағытындағы 2025 жылдың 23 қазанына дейінгі ұшу күндеріне билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы немесе ресми сайт www.flyarystan.com арқылы брондауға болады.