Ұландық дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды

1221
Фотосурет: Ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, маман-бақылаушы қатардағы Ержан Қоңыров спорт шеберлері арасында өткен дзюдо бойынша Қазақстан чемпионатында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарыс Жетісу облысының әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласында өтті. Турнирге еліміздің барлық өңірінен ең мықты балуандар жиналып, жоғары деңгейдегі бәсекелестік пен тартысты белдесулермен ерекшеленді.

Көрермендердің ерекше назары 60 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіне ауды. Дәл осы санатта Ержан Қоңыров жоғары шеберлігін, төзімділігін және жеңіске деген жігерін танытты. Ол қарсыластарының барлығын сенімді жеңіп, нәтижесінде алтын медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Ержанды үлкен спортқа әкелген әкесі – классикалық күрестен КСРО спорт шебері Қайыржан Қоңырұлы. Әке жолын жалғаған Ержан самбо спортына 20 жылдан астам уақытын арнап, осы кезеңде жоғары жетістіктерге жетті. Ол 2022 жылы спорт шеберлері арасында самбодан Қазақстан чемпионы атанса, 2023 жылы қола жүлдені иеленді. Ал 2024 және 2025 жылдары қайтадан тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

 Оның жетістіктер қоржынында 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдесі және 2024 жылғы қола медалі де бар. Самбодан бөлек дзюдодан да табысты өнер көрсетіп, 2022 жылы күміс, ал 2023 жылы чемпион атағын жеңіп алды. Бүгін оның спорттық қоржыны тағы бір беделді марапатпен толықты.

Чемпионымызды шын жүректен құттықтап, спорттық және қызметтік жолында жаңа да жарқын жеңістер тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -