Оқиға 5 қыркүйек күні түнгі сағат 12.00-де орын алды.
Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің әскери жасағы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында Назарбаев даңғылынан күдікті жасөспірімді байқайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Әскери жасақ бастығы қатардағы Аян Асхатов және патрульші Талғат Абдикадиров бастаған жауынгерлер жақындай бергенде 2008 жылы туған жасөспірім,тіпті, сасқалақтап қалады.
"Полиция қызметкерлерімен бірлесе атқарған қызмет барысындаиығына асынған сөмкесіне тапанша салып алған қала тұрғынын құрықтадық.Жайбарақат келе жатқан жасөспірім бізді байқасымен шұғыл бағытын өзгертіп, жүрісін жылдамдата түсті. Алайда, Ұлттық ұлан сапында жекпе-жек ұрысының тәсілдерін жетік меңгеріп, үнемі физикалық даярлығын жетілдіретін жауынгерлерден күдікті айласын асыра алмады" әскери жасақ бастығы қатардағы Аян Асхатов
Әскери жасақ азаматты тоқтатып, мән-жайды анықтаған кезде олөзімен травматикалық тапанша алып жүргенін мойындады. Сондай-ақ ол құқықтық-тәртіп әскері жауынгерлерін көрген кезде қару жасырынған сөмкесін тастап, қашуға бел буғанын жасырмай айтты. Ұлттық ұлан сарбаздары 2008 жылы туған қала тұрғынын одан әрі тексеру үшін полиция басқармасының Ертіс бөліміне жеткізді.